Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде аудан бюджеті 16 млрд теңгеден асты

20.07.2026, 16:17 96

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков Өңірлік коммуникациялық қызметінің ақпарат алаңында аудан экономикасында оң динамика сақталып отырғанын айтты.

«Ағымдағы жылдың бүгінгі күнгі жағдайы бойынша түзетілген аудандық бюджет несиелерді қоса есептегенде 16 млрд 10 млн 506 мың теңгені құрады. Жыл басындағы бюджетпен салыстырғанда 5 млрд 716 млн теңгеге ұлғайды. Алты айдың қорытындысымен аудан бюджетінің кірісі 100 пайыз орындалды. Өз кірісіміз жоспардағы 3 млрд 767 млн теңгенің орнына 4 млрд 180 млн теңгені құрап, 110,9 пайызға орындалды. Соңғы үш жылда ауданның өз кірісі 5,3 млрд теңгеден 7,5 млрд теңгеге дейін өсіп, 141 пайыздық өсімге қол жеткіздік. Түскен қаражат халықтың әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыруға бағытталуда. Сонымен қатар, салық түсімдерін арттыру мақсатында арнайы жұмыс топтары жүйелі жұмыс жүргізіп келеді», – деді аудан әкімі. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция және тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштерінде де өсім байқалады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: