Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Климаттың өзгеруі аллергияның жаңа толқынын туғыз ма деген қауіп бар

20.03.2026, 11:02 15

Бұрын аллергияны көпшілік көктем келіп, ағаштар гүлдей бастағандағана еске алатын. Бүгінде бұл түсінік өзгерді. Аллергиялық аурулар ендімаусымдық жайсыздық емес, жыл бойы денсаулыққа қауіп төндіретінмаңызды мәселеге айналды. Дәрігерлерді дертке шалдыққандардың көбеюіғана емес, оның ауыр әрі өмірге қауіп төндіретін түрлерінің жиілеуі де алаңдатып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) болжамынша, 2050 жылға қарай әлем халқының жартысына жуығы аллергиямен бетпе-бет келуімүмкін. Мамандар мұны урбанизацияның күшеюімен, ауаның ластануымен, климаттың өзгеруімен және тұрмыстық химиялық заттардың көбеюіменбайланыстырады. Бұл факторлар иммундық жүйенің сезімталдығынарттырып, бұрын сирек кездескен аллергиялық реакциялардың жиілеуінежәне жаңа аллергендердің пайда болуына ықпал етіп отыр.

Бұл үрдіс Қазақстанда да анық байқалады. Денсаулық сақтауминистрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары аллергиялық ринит, бронх демікпесі, тағамдық аллергия және атопиялық дерматит кең таралғанаурулардың қатарына енген. Сонымен бірге анафилаксиялық шок, Стивенс–Джонсон және Лайелл синдромы сияқты ауыр аллергиялық асқынулар да көбейіп келеді. Соңғы үш жылда жіті аллергиялық реакциялармен ауруханағажатқызылғандар саны 1,5 есеге артқан.

Әсіресе балалар арасындағы аллергиялық аурулардың, бронх демікпесінің және дәрілік аллергияның көбеюі дәрігерлердіңалаңдаушылығын күшейтіп отыр.

Ресми статистика шынайы жағдайды көрсете ме?

Ресми деректер аллергияның ауқымын көрсеткенімен, мамандар оныңнақты таралуы бұдан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін айтады. Себебістатистикаға тек медициналық көмекке жүгінген науқастар ғана енеді. Ал көптеген адам аллергия белгілерін елемейді немесе өздігінен емделуменшектеледі.

Тәжірибешілер клубтары қауымдастығының төрайымы Лаура Мәлікованың айтуынша, Қазақстанда жүргізілген пилоттық зерттеулерхалықтың шамамен 20 пайызы аллергиялық ауруларға байланыстымедициналық ұйымдарға жүгінгенін көрсеткен.

– Бірақ бұл тек тіркелген жағдайлар. Диагноз қойылмаған немеседәрігерге қаралмаған адамдарды есепке алсақкөрсеткіш 40 пайызғадейін жетуі мүмкін, – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, мұндай айырмашылықтың бірнеше себебі бар. Біріншіден, аллергиялық ринит бойынша елімізде толық статистикалық есепжүргізілмейді. Екіншіден, көпшілік аллергия белгілерін жеңіл қабылдап, дәрігерге қаралмайды.

Ресми статистикадан бөлек, зертханалық мәліметтер де осы үрдістірастайды. ОЛИМП клиникалық-диагностикалық зертханалар желісініңдерегіне сәйкес, 2020–2025 жылдар аралығында бір жасқа дейінгі балаларарасында аллергендерге оң нәтиже берген зертханалық тест саны 14,5 есегекөбейген.

– Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жағдайдың артуы ерекшеалаңдатады, – дейді зертхананың бас директоры Ерлан Сүлейменов.

Жалпы ел бойынша бес жыл ішінде оң нәтиже берген аллергологиялықтест саны 7 125-тен 14 889-ға дейін өскен. Зерттеулер көлемі де үш есегеартқан.

Аллергияның көбеюіне не әсер етіп отыр?

Сарапшылардың айтуынша, бұл құбылысты тек көктемгі гүлдеукезеңімен немесе өсімдік тозаңымен байланыстыру жеткіліксіз. Қазіргі таңдааллергияның таралуына қоршаған орта мен экологиялық жағдай барғансайын көбірек ықпал етіп келеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, негізгі факторлардыңбірі – атмосфералық ауаның ластануы. Автокөлік шығарындыларықұрамындағы азот диоксиді мен күкірт ангидриді тыныс алу жолдарыныңшырышты қабатын зақымдап, аллергендердің ағзаға жеңіл енуіне жағдайжасайды. Соның салдарынан аллергиялық қабыну күшейіп, аурудың даму қаупі артады.

– Атмосфералық ауа сапасын мониторингтеу деректерін ескереотырыпбірқатар өңірлерде ауа ластану деңгейі мен аллергиялықаурушаңдық арасында байланыс байқаладыЕң жоғары көрсеткіштерАлматы, Шымкент, Астана қалаларындасондай-ақ Жетісу мен Түркістан облыстарында тіркелген, – делінген Денсаулық сақтауминистрлігінің ақпаратында.

Тәжірибешілер клубтары қауымдастығының төрайымы Лаура Мәлікованың айтуынша, аллергиялық шағымдар Павлодар мен Қостанайоблыстарында да жиі кездеседі.

– Бір қарағанда бұл өңірлердің табиғаты мен климаты әртүрліБірақ оларды біріктіретін ортақ белгі бар. Бұл – халық тығызорналасқанөндіріс шоғырланған және ауа сапасына қатысты мәселеөзекті аймақтар, – дейді сарапшы.

Соңғы жылдары аллергендердің құрылымы да өзгеріп келеді. Қазір оңнәтижелердің 61 пайызы арамшөптердің тозаңына тиесілі. Одан кейіншалғын шөптері тұр. Сонымен қатар қайың тозаңына сезімталдық 3,7 есе, шабындық атқонағына 3 есе, ал амброзияға 2,5 есе артқан. Бұрын сиреккездескен немесе мүлде тіркелмеген аллергендер де пайда бола бастады. Олардың қатарында сораң, күнбағыс, қараағаш, жөке және бұзаубас бар.

Климат аллергияның сипатын қалай өзгертіп жатыр?

Мамандардың түсіндіруінше, ауа температурасының жоғарылауыөсімдіктердің гүлдеу мерзімін ұзартады. Соның салдарынан тозаң ауадабұрынғыдан ұзақ сақталып, аллергия маусымы бірнеше аптаға созылуымүмкін. Ал атмосферадағы көмірқышқыл газының көбеюі кейбірөсімдіктердің көбірек тозаң бөлуіне әсер етеді.

Бұл өзгерістер өңірлік статистикадан да байқалады. Алматы облысындамаусымдық поллиноздың таралуы 100 мың тұрғынға шаққанда 417,6 жағдайға жеткен. Қызылорда облысында аллергендерге оң нәтиже бергентесттер саны 43 есеге артқан. Сондай-ақ Петропавл, Тараз, Астана, Павлодар және Қостанайда да көрсеткіш жоғары деңгейде қалып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, аллергияны тек медициналық мәселе ретіндеқарастыру жеткіліксіз. Оның таралуына экология қатар әсер етеді. Сондықтанмәселені шешу тек денсаулық сақтау саласының міндеті емес. Ауа сапасынжақсарту, өндірістік шығарындыларды азайту, жасыл аймақтарды көбейтужәне ерте диагностика жүйесін дамыту қатар жүзеге асқанда ғана дерттің өсуқарқынын бәсеңдетуге мүмкіндік болады.

М. Серікболқызы

Фото: ЖИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: