Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Инвестициялық әріптестікті одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды

18.07.2026, 16:47 37

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Fabe Agro» компаниясының басшысы Ахмет Буданмен кездесті. Кездесуде Қазақстан-Түркия ынтымақтастығы аясында Қызылорда облысында заманауи жылыжай кешенін салу барысы және инвестициялық әріптестікті одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
«Қазақстан-Түркия форумы аясындаоблысымызда заманауи жылыжай кешенін салужобасы бойынша меморандумға қол қойып, бірлескен жұмыстың жаңа кезеңіне негіз қалаған болатынбыз.

Бұл кездесуіміз қол жеткен келісімдерді іске асыруға, инвестиция, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге тың серпін береді деп сенеміз», – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ жылыжайда өндірілетін қызанақты ішкі және сыртқы нарыққа жіберуге қажетті қорап-жәшік шығаратын өндіріс орнын ашу бастамасы да талқыланды. Бұл өнімдерді заманауи талаптарға сай қаптауға, логистикалық шығындарды азайтуға және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы өңірде жаңа өндірістерді орналастыруға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. «Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағынан» инвесторларға жер учаскесін беру, инфрақұрылым шығындарының бір бөлігін өтеу және «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді қолдау шаралары қарастырылған.
Аталмыш жобаны жүзеге асыру бойынша инвестициялық келісімшарт жасасуға қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: