ИРСК Иорданиядағы АҚШ әуе базасына зымырандар мен дрондармен соққы жасалғанын, сондай-ақ Бахрейндегі америкалық әскери нысандардың зақымданғанын мәлімдеді.
Ал АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранға қарсы жаңа соққылар толқыны аяқталғанын хабарлады. Мәліметке сәйкес, Ирандағы ондаған әскери нысана жойылып, әуе қорғаныс жүйелері, радарлар, дрондар мен шағын кемелерге соққы жасалған.
Сондай-ақ CENTCOM Иранның қазір Ормуз бұғазын бақыламайтынын тағы да мәлімдеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!