Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылыс нысандарын заңнама талаптарына сәйкестендіру басты назарға алынды

25.06.2026, 10:15 77

HALYQLINE.KZ

Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен аудан аумағында пайдалануға берілген құрылыс нысандарын заңнама талаптарына сәйкес құжаттандыру және тиісті мекемелердің теңгеріміне беру мәселелеріне арналған мәжіліс өтті, деп жазады баспасөз қызметі.

Жиында құрылыс нысандарын құжаттандыру, мемлекеттік тіркеу рәсімдерін аяқтау, оларды пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне қабылдау бағытындағы жұмыстар бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ж.Данабеков баяндама жасады.

Атап айтқанда, Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектептің, аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жапсаржайы мен жұқпалы аурулар бөлімшесінің, сондай-ақ жаңадан пайдалануға берілген білім беру нысандарының құжаттарын рәсімдеу және теңгерімге қабылдау мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы ауызсу, электр және газ инфрақұрылымы нысандарын теңгерімге өткізу жұмыстарының баяу жүргізіліп отырғаны айтылып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Мәжілісте Арал қаласындағы автомобиль жолдарын, кіреберіс арка мен түнгі жарықшамдарын теңгерімге өткізу, сондай-ақ биыл пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың құжаттарын жедел рәсімдеу мәселелері де көтерілді.

Жиын қорытындысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы барлық жауапты мекемеге құрылыс нысандарын құжаттандыру және теңгерімге беру жұмыстарын жеделдетіп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: