Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітапханаларға Ата заң кітаптары сыйға тартылды

19.06.2026, 14:30 48

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясын насихаттауға бағытталған тағылымды іс-шара өтті.

Шара барысында облыстық кітапхана басшысы С.Көзейбаев Сырдария аудандық кітапханасының директоры Р.Байділдаевқа және қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Г.Рахметоваға «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты кітапты салтанатты түрде табыстады.

Кітаптарды табыстау рәсімі Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен дәріптеуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және өңір кітапханаларының қорын мазмұнды басылымдармен толықтыруға бағытталды.

Қатысушыларға заң ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы Е.Алтаев Конституцияның ел тәуелсіздігін нығайтудағы, құқықтық мемлекет құрудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі ерекше рөліне тоқталды. Сондай-ақ кітапханалардың құқықтық ағартушылық жұмыстарды жүзеге асырудағы маңызды ролін атап өтті.

Сыйға тартылған басылымдар аудандық және қалалық кітапханалардың қорын толықтырып, оқырмандардың құқықтық сауатын арттыруға, Конституциялық құндылықтарды кеңінен насихаттауға өз үлесін қосады деп сенеміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: