Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымына Сүлейменов Нұржан Қалдыбекұлы тағайындалды.
Нұржан Қалдыбекұлы 1983 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2008 жылы Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жетекші маман ретінде бастаған.
2009 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімі аппаратында бас инспектор, 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде консультант, бас маманы қызметін атқарған.
2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!