Қызылорда қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Бұл туралы halyqline.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Рейдтік-профилактикалық іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары бір апта ішінде алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 10 жүргізушіні анықтады.
Аталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, заң аясында тиісті шаралар қолданылды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, мас күйде көлік басқару өз өміріне ғана емес, өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де зор қауіп төндіретінін ескертті.
Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Фото: BAQ.KZ архиві/ Артем Чурсинов
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!