Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сексеуіл кентінде көлік жөндеу қызметі дамуда

11.06.2026, 16:50 80

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, елді мекендерде халыққа қажетті қызмет түрлерінің дамуына серпін беріп келеді. Соның бір дәлелі – Арал ауданының Сексеуіл кентінде автокөлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету орталығының табысты жұмыс істеуі.

«Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндігін пайдаланған жергілікті тұрғын бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп, кент халқына сапалы қызмет көрсетуде. Орталықта автокөліктердің техникалық жай-күйін анықтау, жөндеу және қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған нысанда қызмет көрсету сапасы мен жеделдігіне ерекше мән берілген.

Бұрын көлігін жөндету үшін аудан орталығына немесе басқа елді мекендерге баруға мәжбүр болған тұрғындар енді қажетті қызметті өз кентінде ала алады. Бұл ауыл тұрғындарының уақытын үнемдеп, тұрмыстық қолайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.

«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету. Сексеуіл кентіндегі бұл кәсіп соның нақты нәтижесін көрсетіп отыр. Халыққа қажетті қызметтің қолжетімді болуы ғана емес, ауылдағы іскерлік белсенділіктің артуы да өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: