Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Шешем қырық градус аязда шемішке сатып тұрды»: Ринат Зайыт анасын тебірене еске алды

09.06.2026, 9:05 74

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты, ақын Ринат Зайыт Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында марқұм анасы Роза Сүлейменованың өміріндегі бір оқиғаның өз тағдырына қалай әсер еткенін айтып берді.

Оның сөзінше, студент кезінде анасының ауыр еңбек етіп жүргенін көру өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына себеп болған.

«1998 жылы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжде оқып жүрген кезде шешем базарда шемішке сатып тұратын. Содан бір күні сабақтан шығып шешеме бардым. Семейде қырық градус аязда шешем сауда жасап тұрды. «Мама, қайтсаңшы үйге» дедім. Шешем: «Балам, сенің барар жолыңа ақша бар, енді қайтар жолыңа ақша шығарып алайын, сонан кейін қайтам» деді. Сол күннен бастап өзіме уәде бердім, ешқашан, Құдай қаласа, шешемді материалдық жағынан тентіретпеймін» деп. Сол уәдемде тұруға тырыстым, менің ештеңеден тайсалмай, еңбек етуіме, табыс табуыма, өмірге еркелемеуіме, айналама жауапкершілікпен қарауға осы оқиға әсер етті. Бұл мысалдың біреуі ғана. Бірақ менің анамның портретін ашу үшін осы мысал да жеткілікті деп ойлаймын», — деді Ринат Зайыт.

Айта кетейік, Ринат Зайыттың анасы Роза Сүлейменова 2025 жылдың 1 желтоқсанында дүниеден озған болатын.

Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: