Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қосымша бір күн демалыс: қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

04.06.2026, 10:50 83

HALYQLINE.KZ

Шілдеде қазақстандықтар Астана күніне орай қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды мемлекеттік eGov.kz порталы.

Мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын 6 шілдеде атап өтілетін мемлекеттік мереке Астана күні биыл дүйсенбіге түсіп тұр.

Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтіндер азаматтар үш күн қатарынан, яғни 4, 5 және 6 шілде күндері демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер қазақстандықтар үшін 5, 6 шілде – демалыс.

Жалпы алғанда, шілде айында аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар тоғыз күн, алты күн жұмыс істейтіндер бес күн демалады.

Фото: kaz.caravan.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: