Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды

03.06.2026, 11:35 67

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Ержан Жиенбаев бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға 2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған. 2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін де Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. 

Ержан Нұрланұлы 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде бастаған. 

2005 жылдан бастап Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымында түрлі қызмет атқарды. Аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2012-2013 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдан 2019 жылғы шілдеге дейін Премьер-Министр Кеңсесінің Заң бөлімін басқарды. 

2019 жылғы шілде-қазан аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болды. Сол жылдың қазан айында Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған. 

Ержан Жиенбаев мемлекеттік басқару жүйесінде құқықтық бағыттағы тәжірибесімен танылған. Бұған дейін ол Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі ретінде конституциялық және құқықтық реформаларға қатысты жұмысқа араласқан. Ақорда дерегінше, 2023 жылдан бері Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарып келді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: