Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы ортағасырлық Жанкент қалашығында басталған қазба жұмысы Шахристан бөлігіндегі тұрғын үйлер аумағында жалғасып жатыр.
Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының мәліметінше, археологтар ежелгі шаһардың мәдени қабаттарын ашу барысында сенсациялық олжаға кенелді.
— Қазба нәтижесінде бірнеше қыш ыдыс сынықтары, асықтар және жануарлардың сүйегі табылды. Қыш бұйымдар тұрғындардың күнделікті тұрмысында пайдаланылған ыдыстардың түрлері мен жасалу ерекшеліктерін, ал жануар сүйектері шаруашылықтың негізгі бағыттарын анықтауға және тұрғындардың азық-түлік тұтыну тәсілдерін зерттеуге мүмкіндік береді. Барлық жәдігер тіркеліп, өлшемдері алынып, тиісті ғылыми құжаттамаға енгізілді. Алынған материалдар қалашық тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы және мәдени өмірі туралы жаңа деректерді анықтауға негіз болмақ, — делінген хабарламада.
Коллаж: Halyqline.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!