Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандықтарға полиция атынан келетін жалған айыппұл хабарламалары туралы ескерту жасалды

25.05.2026, 12:00 34

Қазақстанда полиция атынан жолданатын жалған SMS-хабарламалар көбейген. Қарағанды облысының полиция департаменті азаматтарға «ҚР Жол полициясы департаменті» деген атаумен келетін күмәнді хабарламаларға сенбеуді ескертті. Мұндай SMS-терде көбіне төленбеген әкімшілік айыппұл бар екені жазылып, белгісіз сайттарға сілтеме беріледі.

Полиция мәліметінше, мұндай хабарламалар азаматтардың жеке деректерін және банк картасы туралы мәліметтерін алу үшін таратылады. Құқық қорғау органдары айыппұлды тек ресми мемлекеттік сервистер арқылы тексеруге болатынын еске салды. Олардың қатарында qamqor.gov.kz, eGov.kz және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары бар.

Фото: Zakon.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: