Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Украинада тегі қазақ әнші әрі белсенді Назгүл Шүкеева қайтыс болды

25.05.2026, 11:38 35

Қазақстанның Орал қаласында туып-өскен әнші, украин белсендісі Назгүл Шүкеева 52 жасында Киевте қайтыс болды.

Жақын құрбысы Елена Звездовскаяның әлеуметтік желіде хабарлауынша, Шүкеева ауыр дерттен аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған. Қашан және қай жерде жерленетіні әзірге жарияланған жоқ.

Мәскеуде білім алып, кейін Киевте өнерімен жұртқа танылған әнші Назгүл Шүкеева кейінгі жылдары ерікті ретінде белсенді жұмыс істеп, Украинадағы гуманитарлық жобаларға қатысқан. Марқұмның артында үш баласы қалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: