Meta компаниясы Instagram мен Facebook желілерінде 13 жасқа толмаған балалардың аккаунттарын жасанды интеллект арқылы анықтап, бұғаттауды бастайды. Компанияға тиесілі платформаларда ЖИ енді профильдерді толық әрі контексті ескере отырып талдайды.
Баланың нақты жасын анықтауға көмектесетін деректер жазбалардан, пікірлерден және фотосурет сипаттамаларынан ізделеді. Сонымен қатар жүйе фотодағы адамның бойы мен дене бітіміне қатысты белгілерді де есепке алуы мүмкін.
Бұл бастама балалар қауіпсіздігімен байланыстырылып отыр. Дегенмен кей сарапшылар мұндай тәсіл жеке өмірге шамадан тыс араласу қаупін туғызуы мүмкін екенін айтады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!