Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір оқу материалын әртүрлі қажеттілігі мен қабілеті бар білім алушыларға қалай түсіндіруге болады?

13.05.2026, 12:05 53

HALYQLINE.KZ

Әр сыныпта мінезі, қабілеті, түсіну деңгейі әртүрлі оқушы отырады. Бір оқушы жаңа тақырыпты бірден түсінсе, енді біріне көбірек уақыт пен қолдау қажет болады. Сондықтан мұғалімнің басты міндеті – бір оқу материалын барлық білім алушыға түсінікті етіп жеткізу. Менің ойымша, нағыз ұстаз әр баланың ерекшелігін ескеріп, соған сай жол таба білуі керек.

Сабақ барысында мен оқушылардың деңгейіне қарай түрлі әдісті қолдануға тырысамын. Мысалы, кейбір бала ақпаратты тыңдау арқылы жақсы қабылдайды, ал кейбірі сурет, бейне немесе тәжірибе арқылы тез түсінеді. Сол себепті мен сабағымда тек кітаппен шектелмей, кесте, сурет, ойын, бейнеролик сияқты тәсілдерді қолданамын. Бұл балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, тақырыпты жеңіл түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар тапсырмаларды да оқушылардың мүмкіндігіне қарай беремін. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек тапсырма ұсынамын, ал қиналатын балаларға жеңілдеу әрі түсінікті нұсқасын дайындаймын. Бұл әдіс әр оқушының өз күшіне сенуіне ықпал етеді. Себебі бала тапсырманы орындай алғанда, оның сабаққа деген ынтасы артады. Мeн үшін әр oқушының пікіpі маңызды. Сабақта балаларға еркін сұрақ қоюға, ойын ашық айтуға мүмкіндік беремін. Кейде оқушы тақырыпты түсінбей қалса, оны қайтадан қарапайым тілмен түсіндіруге тырысамын. Өйткені мұғалімнің мақсаты – тек сабақты өткізу емес, әр баланың білімді түсінуіне жағдай жасау. Қазіргі заманда балалардың қажеттілігі де әртүрлі. Кейбір оқушыға көбірек қолдау мен жылы сөз қажет болады. Осындай кезде мұғалімнің сабырлығы мен мейірімі маңызды рөл атқарады. Мен әр баланың бойынан жақсы қасиет көруге тырысамын. Себебі сенім мен қолдау бар жерде оқушының да талпынысы күшейеді.

Ұстаз болу – тек білім беру емес, әр баланың жүрегіне жол табу. Бір оқу материалын әртүрлі қабілеті бар балаларға түсіндіру оңай емес. Бірақ мұғалім оқушыны түсініп, дұрыс әдіс қолдана білсе, әр бала өз мүмкіндігін аша алады. Менің ойымша, білімнің шынайы нәтижесі – барлық оқушының өзін бағалы сезініп, алға ұмтылуында.

Индира БАЙБАРАҚОВА,

№85 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Қармақшы  ауданы

Фото: daylikz.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: