Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы тағайындалды

12.05.2026, 14:35 72

Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына Данабеков Жанболат Тұрсынұлы тағайындалды.

Жанболат Тұрсынұлы 2012 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы «КазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамында қарапайым жұмысшыдан (шебер) бастап, жауапты қызметтер атқарған.

2017-2025 жылдары Шиелі кенті әкімінің аппаратында жетекші маман, Шиелі аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маманы болған.

2025 жылдан осы кезге дейін Шиелі аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Жанболат Тұрсынұлы мемлекеттік қызметті құрылыс саласынан бастап, барлық сатыдан өткен, салада тәжірибесі мол маман.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: