Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балабақшадан өрт шықты

06.05.2026, 11:45 41

Құтқарушылар Түркістан облысындағы балабақшалардың бірінен шыққан өртті сөндірді. ТЖ кезінде ғимаратта балалар болмаған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ деп жазады, halyqline.kz тілшісі.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Түркістан облысы Аден ата ауылындағы балабақшалардың бірінде өрт шыққан.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бір қабатты балабақша ғимаратының шатыры жанып жатқаны анықталған. Дереу өртті сөндіру жұмыстары ұйымдастырылған. Оқиға кезінде ғимарат ішінде балалар болмаған.

«Өртті сөндіруге ТЖМ күштері жедел жұмылдырылды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді», — делінген хабарламада.


Фото: Видердан кадр: ҚР ТЖМ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: