Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық құрылыс бөліміне жаңа басшы келді

05.05.2026, 18:38 35

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен өткен мәжілісте қалалық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған Мүбәрәк Ердәулет Бекмұратұлы таныстырылды.

Ердәулет Бекмұратұлы Қызылорда облысында дүниеге келген. Халықаралық білім беру корпорациясын «Сәулет және құрылыс» мамандығы, «Болашақ» университетін «Құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2017 жылы «НС және К Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде директордың орынбасары ретінде бастаған.
2019-2025 жылдары қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің статисті, бас маманы, қала әкімінің көмекшісі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2025 жылдан бастап Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Шаһар басшысы Ердәулет Бекмұратұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, мәжілісте бұған дейін Жастар театрының директоры қызметін атқарып келген Мансұр Нұрмат Абдуллаұлына қаланың ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасы» табысталды.
Ол театр директоры ретінде өнер ұжымының репертуарын жаңа мазмұнды қойылымдармен байытып, жас таланттардың сахнада өзін танытуына толық жағдай жасады. Өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, қаланың дамуына өз үлесін қоса білді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: