Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа оқу жылында білім бюджеті облыстан аудандарға берілуі мүмкін

22.04.2026, 16:05 89

HALYQLINE.KZ

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Мәжілістің жалпы отырысында білім беру шығындарын облыстық бюджеттен аудандық деңгейге қайтару процесі қандай сатыда екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Білім саласының бюджетін облыстық деңгейден қайта аудандық деңгейге қайтару туралы депутаттар ұсынған түзетулерді Үкімет толығымен зерделеп, қолдау білдіріп отыр. Яғни білім саласының шығындарын облыстық бюджеттен аудандық бюджетке қайтару керек деген ұйғарым бар. Оның ішінде тек балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шығындары мен ыстық тамақпен қамтамасыз ету шығындары облыстық деңгейде қалады», — деді ол депутат сұрағына жауап бере отырып. 

Сондай-ақ, ол аталған түзету жаңа оқу жылында күшіне енуі мүмкін екенін айтады.

«Екінші оқылымға дейін ол түзетулерді заң жобасына енгізіп үлгереміз. Ал «жаңа оқу жылына дейін ол түзету күшіне ене ме?» деген мәселеге келсек, теориялық тұрғыда мүмкіндік бар. Бюджет заңнамасы бұған мүмкіндік береді. Ішіндегі өтемақы немесе басқа да тетіктер арқылы шығындарды облыстан аудандық деңгейге бағыттауға болады», — деді вице-министр.

Фото: gazeta.uz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: