Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанды, деп жазады penalty.kz.
ШТУТГАРТТАҒЫ СЕНІМДІ ЖЕҢІС
Германияның Штутгарт қаласында топырақ төсенішіндегі WTA 500 санатындағы турнирдің финалдық кездесуі өтті. Шешуші матчта қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кортқа шықты.
Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылып, Рыбакинаның айқын басымдығымен аяқталды. Қазақстандық өз қарсыласын екі сетте 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
ЖЕКЕ КЕЗДЕСУЛЕРДЕГІ ЕСЕП ТЕҢЕСТІ
Осы жеңістің арқасында Елена Рыбакина мен Каролина Мухова арасындағы жеке матчтар есебі теңесті. Қазір екі теннисшінің де еншісінде екі жеңістен бар.
Рыбакина бұл турнирде бірнеше мықты қарсыласын артта қалдырды:
1/8 финал:
- Диана Шнайдер (Ресей) — 6:3, 6:4
1/4 финал:
- Лейла Фернандес (Канада) — 6:7, 6:4, 7:6
1/2 финал:
- Мирра Андреева (Ресей) — 7:5, 6:1
Финал:
- Каролина Мухова (Чехия) — 7:5, 6:1
Рыбакина 500 рейтингідік ұпаймен қоса, Порше көлігін еншіледі. Айта кетейік, қазақстандық теннисші 2024 жылы осы Штутгартта топ жарып, көлікті айдап кеткен.
Данияр СҰЛТАН,
сарапшы, спорт журналисі
Фото: offside.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!