Таяу Шығыстағы жағдай күрт күрделенді. Иран билігі Ормұз бұғазын қайтадан жауып, стратегиялық су жолын қатаң бақылауға алатынын мәлімдеді. Тегеран мұндай қадамға АҚШ-тың Иран порттарына қойған теңіз блокадасына жауап ретінде барып отыр.
Ресми мәліметке сүйенсек, бұғаз арқылы кемелер қозғалысына қойылған шектеулер АҚШ Иранға бағытталған және одан шығатын жүктердің еркін өтуіне рұқсат бергенге дейін күшінде қалады.
Иран тарапы бұған дейін келіссөздер барысында ізгі ниет танытып, азаматтық кемелердің бір бөлігіне бақылаумен өтуге рұқсат берген болатын. Алайда ирандық әскерилердің айтуынша, Вашингтон өз міндеттемелерін орындамай, теңіз блокадасын жалғастырған.
«Осыған байланысты Ормұз бұғазы қайта жабылды және ол Иран Қарулы күштерінің қатаң бақылауында болады», деп айтылған штаб хабарламасында.
Дереккөз: egemen.kz
Фото: ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!