Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркия президенті мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

15.04.2026, 10:45 61

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мамыр айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Астанада Түркия Вице-президенті Жевдет Йылмазбен өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында дамып келеді. Ол екі елдің экономика, сауда және өзара ықпалдастық бағытындағы әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Олжас Бектеновтің сөзінше, алдағы сапар қазақ-түрік қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруге серпін бермек. Сондай-ақ үкіметаралық комиссияның бұл отырысы Түркия басшысының алдағы ресми сапарының мазмұндық негізін айқындауға ықпал етеді.

Премьер-министр 2024 жылы Анкарада өткен Үкіметаралық комиссия отырысы екіжақты байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосқанын да еске салды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: