Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысумен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті, деп жазады баспасөз қызметі.
Игі іс-шараға «ҚазГерМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлері, аудан тұрғындары мен еріктілер белсене атсалысты.
Акцияға қатысушылар белгіленген аумақта бірлесіп тал көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Жалпы саны 1700 түп көшет егілді. Бұл бастама ауданның көркейіп, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына және тұрғындар үшін таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Алдағы уақытта да осындай экологиялық бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып, аудан аумағында көгалдандыру жұмыстары қарқын ала бермек. Бірлескен еңбектің нәтижесінде аудан келбеті жаңарып, табиғатпен үйлесімді дамудың жарқын үлгісі қалыптаса береді.
Аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстап, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына үлес қосуға шақырамыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!