Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Геотуризм саласының халықаралық сарапшысы Жанкент қалашығымен танысты

09.04.2026, 16:15 59

HALYQLINE.KZ

Белгілі ирандық геолог, ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер кеңесінің мүшесі, геотуризм саласының халықаралық сарапшысы Алиреза Амриказеми Қызылорда облысына іссапармен арнайы келген болатын.

Халықаралық сарапшы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев және Алматы қаласындағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің жаратылыстану ғылымдары бағдарламасының мамандарымен бірге Қазалы ауданындағы республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш Жанкент қалашығымен танысты. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов күтіп алып, тарихи орынға апарды.

Сапардың негізгі мақсаты – тарихи нысандарды сақтау, қорғау және оларды халықаралық деңгейде ілгерілету бағытындағы жұмыстарды жетілдіру, сондай-ақ өңірдің туристік және ғылыми әлеуетін арттыру.

Іссапар барысында VII-ХІ ғасырлардағы Оғыздардың астанасы болған Жанкент қалашығының археологиялық ерекшеліктері, тарихы таныстырылып, оның туристік әлеуетін дамыту перспективалары талқыланды. Ортағасырлық қаланың тарихи ерекшелігі мен туристік бағыттағы әлеуеті сарапшы тарапынан жоғары бағаланды.

Аталған маңызды қадам өңірдің тарихи-мәдени мұрасын әлемдік деңгейде танытуға және туризм саласын дамытуға жаңа серпін беруге мүмкіндіктер болады.

Айта кету керек, Алиреза Амриказеми – геомұраларды сақтау мен тұрақты туризмді дамыту саласында мол тәжірибесі бар беделді халықаралық сарапшы. Ол әлемнің көптеген елінде геопарктерді қалыптастыру және дамыту жобаларына қатысып, кәсіби қауымдастықта жоғары беделге ие.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: