Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рейд: 358 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

09.04.2026, 11:55 81

HALYQLINE.KZ

Қызылордада полиция қызметкерлері, БАҚ өкілдері және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп ауқымды жедел-профилактикалық рейдтер жүргізуде. Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті нығайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат таратты.

Рейд барысында қала көшелері мен қоғамдық орындардағы тәртіп, жол қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері басты назарға алынды. Нәтижесінде 358 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық орынға мас күйде келудің – 64, тыныштықты бұзудың – 44, ортақ орындарды ластаудың 5 дерегі тіркелді.

Сонымен қатар 42 жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүргені белгілі болды. Мұндай жағдайлар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні ескертілді. Ойын-сауық орындарында темекі өнімдерін, оның ішінде кальян тұтынудың 6 дерегінің жолы кесілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай бірлескен шаралар құқықбұзушылықтың алдын алып, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: