Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үкіметте көмір энергетикасын дамыту мәселесі қаралды

07.04.2026, 10:30 58

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда жүктеген көмір энергетикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Үкімет басшысы Президент көмір генерациясын дамытудың стратегиялық маңызына ерекше назар аударғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы бағытта көмірден қуат өндіру саласын дамытуға арналған Ұлттық жоба қабылдау тапсырылған.

Жоба аясында алдағы бес жыл ішінде жаңа энергетикалық нысандар салу және қолданыстағы стансаларды жаңғырту арқылы елдің энергия әлеуетін едәуір арттыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, 8 жаңа жылу электр орталығын салу және жұмыс істеп тұрған 11 стансаны жаңғырту жоспарланған.

Нәтижесінде қосымша 8 гигаватт электр қуатын өндіруге мүмкіндік туады деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: