Атырау облысының Мақат ауданында қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған күдіктінің барлығы ұсталды. Оқиға 2026 жылғы 3 сәуір күні кешкі уақытта болған. Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары құқыққа қайшы әрекеттің алдын алу барысында бір топ азаматтың қарсылығына тап болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасағандар мас күйде болған. Олар полиция қызметкерлеріне күш қолданып, салдарынан екі тәртіп сақшысы зардап шеккен. Оқиғаға қатысты видео да әлеуметтік желілерде тарағаны хабарланды.
Құқық қорғау органдары күдіктілерді қысқа мерзім ішінде анықтап, түгел қамауға алған. Қазір олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Аталған дерек бойынша билік өкілдеріне күш қолдану бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Фото: astanatv.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!