Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда апта ішінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

05.04.2026, 15:41 64

Өткен аптада еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде, жергілікті атқарушы органдарда және қорғаныс саласында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. 

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қарулы Күштерде жаңа тағайындаулар жасалды. Атап айтқанда, Махсут Гусейнов Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалса, Бағлан Өсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне кірісті. 

Сонымен қатар Президент Әкімшілігінде де кадрлық өзгерістер болды. Мейіржан Байғонысов инвестициялар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында да жаңа тағайындау жүзеге асты. Бақтияр Жазықпаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне келді. 

Kazinform мәліметінше, кадрлық ауыс-түйістер орталық мемлекеттік органдармен қатар жергілікті атқарушы билік құрылымдарын да қамтыған. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. 

Фото: Gov.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: