Қызылорда қаласы әкімдігінің жанындағы жұмысшы топ заңмен тыйым салынған орындарда рұқсат етілмеген бұйымдарды сату деректерін анықтау және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда. Бұл турал қала әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Бұл жолы шаһардағы қоғамдық тамақтану және ойын-сауық орындарына тексеру жүргізілді. Бақылау-тексеру барысында кәсіп иелеріне алкоголь өнімін өткізу талаптарын қатаң сақтау, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар тауарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні жылытуға арналған бұйымдарды сатуға тыйым салынатындығы ескертілді. Мұнымен қоса, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ғимараттың ішкі және сыртқы аумағына бейнебақылау камераларын орнатып, құрылғылардың жарамдылығын қадағалау тапсырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!