Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады

26.03.2026, 7:55 39

HALYQLINE.KZ

eGov веб-сайтында жарияланған Қазақстандағы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылғы сәуірде бес күндік жұмыс аптасына сай жұмыс істейтін қазақстандықтар барлығы 8 күн демалады.

Айта кету керек, сәуірде наурызбен салыстырар болсақ, мереке күндері мүлде жоқ, сондықтан барлық демалыс күні сенбі және жексенбіге келеді. Сәуір – 2026 жылғы ақпан, маусым мен шілде айлары секілді демалыс күндері ең аз айлардың бірі.

Бұған дейін Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай 2026 жылы 30 тамыз демалыс күні болмайтынын, себебі Конституция күні енді 15 наурызда атап өтілетінін мәлімдеген болатын.

Дереккөз: nur.kz

Фото: Нейрожелі арқылы жасалған, NUR.KZ 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: