Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық өнер фестивалі өтті

16.03.2026, 20:31 34

Бүгін Жаңақорған ауданы, Кейден ауылдық клубының ұйымдастыруымен ерекше жандардың шығармашылығын қолдауға арналған «Жүректен жүрекке» атты облыстық өнер фестивалі өтті.

Шараның мақсаты – ерекше балалар мен жасөспірімдердің өнердің түрлі саласындағы шығармашылық қабілеттерін анықтап, оларға бағыт-бағдар беру, дарынды балаларды көпшілікке кеңінен таныту және қолдау көрсету.

Фестивальдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов сөз сөйлеп, қатысушы өнерпаздарға сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі.

Аталған фестивальге Қызылорда қаласы мен облыс аудандарынан барлығы 11 өнерпаз қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.

Осындай игі шаралар ерекше жандардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жол ашады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: