Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада ірі жол апаты болып, бір адам қаза тапты

13.03.2026, 14:30 70

Бүгін, 13 наурыз күні таңғы сағат 09:20 шамасында Қызылорда қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы мен Алисова көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, «ВАЗ 2104» автокөлігі мен Lexus LS 460 автокөлігі соқтығысқан. Салдарынан Lexus LS 460 қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry 75 автокөлігіне соғылған.

Оқиға нәтижесінде «ВАЗ 2104» көлігін басқарған А.А. оқиға орнында қаза тапқан. Марқұмның мәйіті тиісті мекемеге тапсырылған.

Аталған дерек бойынша 2026 жылғы 13 наурызда Қызылорда қалалық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеп, тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.

Құзырлы орган жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: Фейсбук қолданушының парақшасынан алынды (Оңғар Саймосаев).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: