Ақтөбе қаласындағы аулалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Оқиғаны Ақтөбе облысының Полиция департаменті растады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, мәйітті анықтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер әзірге жария етілмейтінін хабарлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!