Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Базарда ер адам көз жұмды

11.03.2026, 11:25 73

Көкшетаудағы Орталық базар аумағында ер адамның қайтыс болуына байланысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Дереккөздердің мәліметінше, ер адам базар аумағында көз жұмған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ақмола облыстық полиция департаменті бұл деректі растады.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Фото: видеодан скриншот

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: