Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

BBC: Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты әзірге жарияланған жоқ

08.03.2026, 17:53 46

Иранда елдің жаңа жоғарғы көшбасшысы таңдалғанымен, оның есімі ресми түрде жарияланған жоқ. Бұл туралы BBC-дің Парсы қызметі Ирандағы Сарапшылар кеңесінің мүшесі Ахмад Аламолходаның мәлімдемесіне сүйене отырып хабарлады. Аламолходаның айтуынша, елдің жаңа рухани жетекшісі сайланған. Алайда ол кім екенін ашық айтпаған. Иран заңнамасына сәйкес, жоғарғы көшбасшыны таңдауға құқылы орган – 88 дін қызметкерінен тұратын Сарапшылар кеңесі.

Иранның Mehr ақпарат агенттігінің дерегінше, жаңа көшбасшы туралы ресми мәлімдемені Сарапшылар кеңесі хатшылығының басшысы Хоссейни Бушехри жасауы тиіс. Бірақ қазіргі уақытқа дейін мұндай ресми хабарлама жарияланбаған. Еске сала кетейік, Иранды 38 жыл басқарған аятолла Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына жасаған әуе шабуылдары кезінде қаза тапқан болатын. Осыдан кейін елде жаңа жоғарғы көшбасшыны таңдау мәселесі күн тәртібіне шықты. Бұған дейін бірқатар халықаралық ақпарат құралдары бұл қызметке үш ықтимал кандидаттың қарастырылып жатқанын жазған. Олардың қатарында Әли Хаменеидің ұлы Мұжтаба Хаменеи, ықпалды дін қайраткері Әлиреза Арафи және Ислам республикасының негізін қалаған аятолла Рухолла Хомейнидің немересі Хассан Хомейни бар.

Кейбір басылымдардың мәліметінше, Сарапшылар кеңесі осы үміткерлердің ішінен Мұжтаба Хаменеиді таңдаған болуы мүмкін. Алайда АҚШ пен Израиль тарапынан қауіп болуы ықтимал деген себеппен жаңа көшбасшының есімін уақытша жарияламау туралы шешім қабылданған деген болжам айтылып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жаңа көшбасшысы кім болатыны халықаралық саясат үшін маңызды екенін айтып, билікке Мұжтаба Хаменеи келуіне қарсы екенін білдірген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: