Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Иран Әзербайжан әуежайына соққы жасамаған болып шықты

05.03.2026, 17:55 52

Азаттық жазуынша, бұл туралы Тегеран хабарлады.

Иранның қарулы күштері Әзербайжан аумағына дронмен соққы жасағанын жоққа шығарды. Бұл жөнінде Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарына сүйенген Reuters жазған. Бейсенбі, 5 наурызда Әзербайжан жағы Нахчыван әуежайына Иран жағынан дронмен соққы жасалғанын хабарлаған еді.

Оқиғадан кемінде екі адам зардап шеккен. Баку қарсылық нотасын тапсыру үшін Иран елшісін сыртқы істер министрлігіне шақырғанын хабарлаған. Әзербайжан жағы “қарымта қайтаруға құқылы” екенін айтты.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Иран Әзербайжанның Нахчыван әуежайына ұшқышсыз дрон тастады деген ақпарат тарағанын жазған едік.

Фото: Әлеуметтік желіден тараған видиодан скриншот.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: