Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жоғалған отбасы: Күдікті күйеу бала Индонезияда ұсталды

25.02.2026, 11:00 50

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері халықаралық ынтымақтастық негізінде Индонезия Республикасының Ломбок аралында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген азаматты ұстады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша айыпталуда. Сонымен қатар, бұған дейін «хабар-ошарсыз кеткен» деп халықаралық іздеуге хабарланған бұрынғы жұбайы да анықталды.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың қараша айында Атырау облысы Жангелдин ауылында ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіру жоспарланып, жүзеге асырылған. Қылмысты жасады делінген соң мәйіттер шаруашылық құрылысының астына жерленіп, іздер жойылған. Жәбірленушілердің мүлкі мен қаражаты да иемденген.

Қазір ұсталған азамат пен оның бұрынғы жұбайын Қазақстанға қайта әкелу, яғни депортациялау мәселесі пысықталуда.

Коллаж: Әлеуметтік желіден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: