Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір топ адам туды өртеп, елтаңбаны бөлшектеген

11.02.2026, 10:00 57

Әлеуметтік желіде бір топ адамның Қазақстан мемлекеттік туы мен елтаңбасын өртеп, бөлшектеп жатқаны түсірілген видеосы тарады.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Артынша видеоның Павлодардағы мектептердің бірінде түсірілгені анықталды.

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, видеодағы әрекет жарамсыз деп танылған мемлекеттік рәміздерді жоспарлы түрде жою шарасы болған. 5 ақпан күні М. Жүсіп атындағы мектепте арнайы комиссия мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес, белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік рәміздерді жойған.

“Рәміздерді өртеу және бөлшектеу рәсімі регламент талаптарына сәйкес құжатталады”, – делінген хабарламада.

Білім бөлімінің мәліметінше, видео әлеуметтік желілер үшін емес, ішкі есеп үшін түсірілген. Алайда бақылаудың әлсіздігінен бұл видео интернетке тарап кеткен көрінеді. Осы жағдайға байланысты мектеп директоры қатаң сөгіс алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: