Қала аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды бейберекет тастау фактілерінің алдын алу және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында рейдтік іс-шаралар күнделікті жүргізілуде.
Бүгінгі аралауда «Бәйтерек» ықшам ауданы, Әл-Фараби, Сағымбаев көшелері және Қызылорда-Жезқазған автожолы аумақтарындағы жол жиектері, жеке тұрғын үй секторлар мен халық көп шоғырланған қоғамдық орындар қамтылып, тұрғындарға қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу заңнамасы түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жұмысшылары жұмылдырылып, аталған аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!