Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел сенімін арқалаған…

30.01.2026, 17:35 49

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі», саяси ғылымдарының кандидаты, білім беру саласы мен мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен Басшыбаев Мусахан Айтбайұлының 70 жасқа толуына арналған салтанатты қабылдау өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Іс-шара барысында аудан басшысы мерейтой иесінің ел дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтіп, жүрекжарды лебізін білдірді.

— Мусахан Айтбайұлы өзінің еңбек жолын ұстаздықтан бастап, аудандық және облыстық білім саласында, мемлекеттік қызметтің түрлі жауапты лауазымдарында абыройлы қызмет атқарған. Жаңажол ауылындағы мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппараты мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратында сарапшы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оның мол тәжірибесі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және жас кадрларды тәрбиелеуге зор үлес қосты, — деді Жандос Еркінбек.

Салтанатты қабылдауда мерейтой иесіне ауданымыздың жоғары марапаты «Құрмет» грамотасы табысталды.

Сондай-ақ жиында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Шегебай Құндақбаев, білім саласының ардагері Дәмелі Жалғасбаева құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.

Іс-шара соңында мерейтой иесі Мусахан Айтбайұлы сөз алып, көрсетілген құрмет пен жылы лебіздер үшін өз алғысын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: