«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

Жартыжылдықтағы спорттық шаралар өтпейтін болды

11.03.2020, 17:30 175 0

Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты бірінші жартыжылдыққа жоспарланған барлық спорттық іс-шара өткізілмейтін болды.

Жаппай спорттық іс-шаралар өткізілмейтіні туралы ақпаратты Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті растады.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Раухан Тұғұмбаеваның сөзінше, комитет толық ақпаратты айдың басында берген.

Оның түсіндіруінше, барлық іс-шараларды комитет алып тастамаған. Олар тек Мәдениет және спорт министрлігіне бірінші жартыжылдыққа жоспарланғанның бәрін өткізбеу туралы ұсыныс білдірген. Тұғұмбаева республикалық спорттық федерациялардың комитет пікіріне құлақ асқанын жеткізді.

Алдағы Наурыз мерекесін жаппай тойлау туралы қойылған сауалға Тұғұмбаева жауап бере алмайтынын айтты. Ол бұл мәселені Мәдениет министрлігінен сұрауға кеңес берді.

Хатшының сөзінше, ол тек 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығына жоспарланған спорттық іс-шаралардың өткізілмейтінінен ғана хабардар.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық мессенджрлерде тарап кеткен «11-22 наурыз аралығында демалыс болады» деген ақпаратқа да қатысты пікір білдірді.

Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, ақпарат шындыққа жанаспайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: