Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиего Катсудың қызметінен кетуі депутат сынымен байланысты ма?

29.05.2023, 11:16 255

HALYQLINE.KZ

Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу 15 маусымнан бастап отставкаға кетеді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің міндетін провост Илесанми Адесида уақытша атқарады.

«Президенттік қызметінен кеткеннен кейін Шигео Катсу университет президентінің міндетін атқарушының кеңесшісі қызметін атқарады. Ал Назарбаев университеті Шигео Катсудың мұрагерін халықаралық деңгейде іздеп белгілегенше, провост Илесанми Адесида университет президенті міндетін атқаратын болады» – делінген хабарламада.





Адесида 1949 жылы Нигерияның Ондо штатында дүниеге келген. Назарбаев университетінде 2016 жылдың қазан айынан бастап провост қызметін атқарды. Бұл жаққа келгенге дейін ол табысты академиялық мансапқа ие болды және Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов

Жуырда (17 мамыр) мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Назарбаев университетін миллиардтаған инвестиция алса да нөлдік нәтижемен жұмыс істеп жатыр деп сынаған болатын.

– Осыдан 15 жыл бұрын барлық зертханалар Назарбаев университетіне ауыстырылып, оның мәртебесін көтерді. Қазір ол ғылым академиясының қызметін атқаруы керек еді. Сол уақыттан бері оқу ордасының қызметін ешкім тексерген жоқ. 15 жылдық жұмыстың нәтижесін көріп тұрғаным жоқ.

Назарбаев университетіне 2020 жылы 6,7 млрд, 2021 жылы 7 млрд, ал 2022 жылы 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Енді нәтиже қайда? Бір жылдың ішінде небәрі 15 патент қана алды. Мен Сәтбаев университетінде қызмет еттім. Онда Назарбаев университеті сияқты қаржыландыру болған жоқ. Соның өзінде 1 жыл ішінде 44 патент алдық.

Назарбаев университеті халықаралық рейтингтегі көрсеткіштер бойынша тіпті 1000-дықтың ішінде жоқ. Егер мемлекет қаржысын оқу ордаларына әділетті бөлгенде мұндай болмас еді, – деген еді депутат пленарлық отырыста.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: