Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халық кеңесінің Ассамблеядан несі артық?

10.09.2026, 9:20 57

ЖАЛҚЫ СҰРАҚ

Дос  КӨШІМ, қоғам  қайраткері:

— Билікке  бұқарамен араласатын, халық­пен ақылдасатын бір пішім, бір құрылым керек. Ол Ардагерлер кеңесі бола ма, Ассамблея не Халық кеңесі бола ма, сондай форма жасап қояды. Сондықтан ешқандай айырмашылығы жоқ. Олар «халықтың баст­амасы, бұқарамен ақылдасып жатыр­мыз, халықтан түскен мынадай өтініш, ұсыныс бар» дегенді көрсетуі керек. Осылайша міндетті түрде халықтық құрылым жасап қояды. Бірақ, ең қызығы, конституция бойын­ша Халық кеңесінің адамдарын Президент тағайындайды. Бұл – ешқандай демокра­тияға сай келмейтін мәселе. Халық кеңесін халық­тың өзінің арасынан адамдар сайлауы керек. Оларға белгілі бір мандат беруі керек. Ал егер оны мемлекет басшысы, билік тағайындайтын, өздері таңдап алатын болса, оны ешуақытта Халық кеңесі, бұқарамен ақылдасу деп айтпас едім. Бұл – авто­ритарлық биліктің «міне, бізде демократия­лық құрылым бар» дегенді көрсетуі үшін  қолдан  жасал­ған  құрылымының  бірі.

Жазып  алған  Н.АҚПАН

Фото: inform.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: