Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пандемия күнделікті әдетімізді өзгертті

03.12.2020, 10:00 695

Асылхан   КІШКЕНЕЕВ:

Жер жүзінің картасын «қызыл нүктелерге» толтырған қауіпті індет салдарынан ғалам тұрғындарының күнделікті өмірі күрт өзгерді. Тіпті көпшілікпен байланыс, қоғаммен араласу­, жақын-жуық таныстардың қуанышы мен қайғы­сына ортақтасудағы  әдеттерімізге де өзгеріс еніп, барынша сақтық талаптарын сақтауға тырыстық. Дегенмен, отбасын асырау,­ еңбек нарығындағы ахуалды тұрақты ұстау бағы­тында ірі  компаниялар  мен  мекемелер тұрақты  жұмыс істеу­ге­  мәжбүр  болды. Әрине, санитарлық талаптарға  бағы­на­ отырып,­ әр отбасы­ның әлеуметтік ахуалын төмендетіп алмау­ үшін осындай қадамға барды. Қатаң талаппен жүйелі жұмыс жүргізіп отырған мекемелердің қатарында «Петро­Қазақс­тан Құмкөл Ресорсиз» АҚ да бар. Күшейтілген карантин­ режимінд­е жұмыс барысы қалай реттелді? Қауіпті індетпен­ күресу де, жұмысты үзбеу де қоғамның басты талабын­а  айналға­н тұста бұл компания қандай шара қабылда­ды? Толғандыр­ған сауалдарға жауап іздеп, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдай және денсаулық сақтау жөніндегі маманы Асылхан  Кішкенеевті  аз-кем  әңгімеге  тартқан  едік.

– «COVID-19» пандемиясы аясында сіздің департамен­ттегі  жұмыс  процестері қалай өзгерді?

– Коронавирус дерті көп нәрсеге басқаша қарауға мәжбүрледі. Біздің жұмысымызда да өзгерістер болды. Бұрынғы мамыражай күнде­рімізді карантин талаптарын сақтау мен қорғаныш құралдарын тұтынуға алмастырдық. Компанияның қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау департаментінде (ҚЕҚОҚ) пандемия мен төтенше жағдайдың орнауына байланысты тиісті шаралар жедел қабылданды. Қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі, әрине, басты назарда. Сондықтан кешенді жұмыстар жүргізілді, әлі де жалғасып жатыр. Атап айтар болсам, компанияда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында  жедел штаб құрылды. Осы ретте ҚЕҚОҚ департаментіне артылған жүк ауыр болды. Санитарлық-эпидемиологиялық жұ­мыс­тарды ұйымдастырумен қатар, олардың орындалуын бақылау біздің департаментке жүк­телді. Біздің компания өзінің қызметкерлерінің денсаулығын жоғары қояды. Компания мамандарын бақылауда ұстап, індет дендеген елдерден келген азаматтарымызды карантинге жатқызу, оларға медициналық бақылау жүргізу жұмыстарын жүргіздік. Алғашқы кезде бұл қауіпті инфекцияға сенбейтін адамдар көп бол­ды.­ Алайда жан-жағыңда болып жатқан оқиға­лардан қауіптің шынайы екенін түсінді. Профилактикалық шаралар жан-жақты жүр­гі­зілді. Компанияның басшылығы бұл жағдайға байланысты, індеттің таралуының алдын алу мақсатында қомақты қаражат бөлді. Оған көптеген медициналық жабдықтар мен қор­ға­ныш құралдары, дене қызуын өлшейтін термометрлер, медициналық маска мен антисептиктер, бір реттік киетін костюмдер, медициналық қолғаптар және тыныс алдыру аппараттары мен басқа да дәрі-дәрмектер алынды. Осы ретте, мақтанғаным емес, компанияның жүргізген саясат­ы­ның арқасында, кездескен қиындық­тарға қарамастан, жоғарыда аталған құралдар мен аппараттарға компанияда тапшылық байқа­лған емес. Әрекет ету алгоритміне сәйкес, қызметкерлеріміз жағдайдың күрделі екендігін түсінді. Осының барлығын ұйымдастыруға көмектескен компания басшылығына алғысымды жет­кізгім келеді. Қауіппен бетпе-бет келгенде жүр­гізілетін жоспар қабылданып, оқу-жаттығу шара­лары жүргізіліп отырды. Төтенше жағдай жария­ланғанға дейін департамент нақты шешім­дер қабылдай білді. Медициналық көмек көрсететін мердігер компанияның дәрігерлері мен фельдшерл­ері арнайы аттестациядан өтті. Профила­ктикалық шаралармен қатар, науқастарды емдеуде олардың еңбегін елеусіз қал­ды­руға болмайды. Пандемия басталғалы мекеме­ тарапынан атқарылған шаралардың арқасында тікелей коронавирустан қайтыс болғандар тір­келген жоқ. Бұл жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

– Айтыңызшы, Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе басқа елдердің компаниялары қолданға­н  қандай  шараларға  көңіліңіз  толды?

– Ата Заңымызда әр қазақстандықтың өмірі мен бостандығы қымбат деп тайға таңба бас­қандай жазылған. Үкімет пен компанияның азаматтарымыз үшін жасап жатқан еңбегін елеу­сіз қалдыруға болмайды. Компания да бұл жұмыстардан шеткері қалған жоқ. Карантин талап­тарына сәйкес, жұмысқа келе алмаған қызметкерлеріміздің жалақысы сақталды. Ал жұмыс ауысымына байланысты отбасын көр­мей, бірнеше ай жұмыста жүрген қызметкерлеріміздің айлығына үстемеақы қосылды. Елде сынама тесттен тапшылық байқалған кезде, Үкімет жанындағы коронавирустың алдын алу бойынша құрылған арнайы штабтың шешімімен сынама тесттер дер кезінде жеткізілді. Соның арқасында ауысымдық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлеріміз өз уақытында жұ­мысқа бара алды. Полимеразды тізбекті реакция (ПТР) тестінің бағасын Үкімет жақында екі есеге дейін арзандатты. Бірақ соған қарамастан, компания бұл жұмыстарға қаражатын аяған емес. Мысалы, індет дендеген маусым-шілде айларында персоналға қорғаныш құралдары таратылып, науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған медицина қызметкерлеріне қосымша  өтемақы  төленді.

– «COVID» пандемиясы сіздің күнделікті өміріңізге  қандай  әсерін  тигізді?

– Шындап келгенде әр адамға өзінің отбасы мен жақындары қымбат. Ет пен сүйектен жара­тылғаннан кейін, мен де өз жақындарымды ойлай­мын. Індеттің қаншалықты қауіпті екенін менен артық білетін адам жоқ десем қателеспей­мін. Өйткені түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, науқастанған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болдым. Отбасымның амандығы үшін үйге бармай, бірнеше ай көлемінде жалдамалы пәтерде жақындарымнан жырақта тұрдым. Әрине, қиын болды. Бала-шағамды, ата-анам мен бауырларымды сағындым. Тек телефон арқыл­ы байланыс ұстап отырдым. Алайда осы шешімімнің дұрыс екеніне сенімді болдым. Осылайша оларды қауіпті індеттен аман алып қалдым деп ойлаймын. Бір кездері студенттік шағымды есіме түсіргенім жасырын емес. Алғашқы­ толқын кезінде компания қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеді. Осы аралықта олар отбасының өмірінде алар орнын сезініп, жанұясына жақын бола түскендерін әріптестерім әңгімелесу барысында жеткізді. Әйелінің жақсы адам екенін, балаларының жасыр­ын қабілеттерін байқағандарын айтты. Карантинге байланысты біраз уақыт үйде болған қызметкерлердің «осы жолы жұмысқа бармасам, әйелім үйге кіргізбейді» (әрине, әзілдеп) деп айтқандарын қазір күлкімен еске аламыз.

– Эпидемиялық ахуалға байланысты құндылықтар мен әдеттерде қандай да бір өзгеріс болды­ деп ойлайсыз ба? Қандай басымдықтар болды?

– Пандемия бүкіл әлемді тазалыққа үйретті. Жеке қорғаныш құралдарын ұқыпты пайдалануды күнделікті әдетімізге айналдырды. Уақыттың қадірін түсінгеннен кейін, бастаған істі ертеңге­ қалдырмауды үйрендім. Ауру өршіген кезде уақыттың қайтып келмейтінін, денсаулықтың қадірін, оны ақшаға сатып ала алмайтынымды, ағайынның, достың қадірін түсініп, өмірлік көзқарасымның өзгеруіне септігін тигізді. Қазір жақын туыстарым мен тамыр-таныс­тарымның хабарын біліп, байланыс ұстап, олардың амандығын біліп отыруды әдетке­  айналдырдым.

– Осындай  қиын  уақытта қоғамға көмек көр­сетілген  жағдайлармен  бөліссеңіз…

– Мемлекеттік және құзырлы орган өкіл­дерімен, медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста болу менің тікелей міндетіме кірді. Қызмет барысында бұл мамандықтардың қаншалықты керек екендігін ұғынғандай болдым. Дәрігерлер маған өмірге қорықпай қарауды үйретті. Өйткені көз алдымда адамдардың қинал­ғанын, тіпті қайтыс болғанын көрген кезде­, ақ халатты абзал жандардың адам жанының арашасы екенін ұқсам, тәртіпті қамтамасыз еткен құзырлы орын өкілдерінің еңбегін байқамау мүмкін емес. Блок-бекеттерде күндіз-түні кезекшілік атқарған мамандардың арқасында аймағымызға ауруды сырттан әкелгендер бірен-саран болды. Біздің компания да қоғамға қиын кезде қол ұшын соза білді. Нақтырақ айтсам­, емдеу мекемелерінің сұранысына сай, дер кезінде қажетті өкпені жасанды желдету аппаратта­рымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, науқастардың тезірек жазылып шығуына көмегімізді бердік. Басқа кеніш орындарынан адамдарды және малшыларды қаладағы ауру­ханаларға жедел жәрдем көлігімізбен тегін жет­кізу жұмысына белсенді қатыстық. Бұл жұмыстар  әлі  де  жалғасуда.

Бүгінде коронавирустың болжамды екінші толқынының болатынын айтып, дәрігерлер дабыл­ қағуда. Алғашқы кезеңнен сабақ алғаннан кейін оның алдын алу шаралары біздің компани­яда  жүйелі түрде жолға қойылған. Қазір облыста эпидахуал тұрақты. Өңіріміз аурудың тіркелуі бойынша жасыл аймақтардың қатарында. Алайда босаңсуға болмайды. Сақтық­ шараларын бұлжытпай орындап, каран­тин талаптарын бұзбауымыз қажет. Саулық­  сақтықта  екенін  ұмытпаңыздар!

– Уақыт  бөлгеніңізге  алғыс  білдіреміз!

Әңгімелескен 

Н.ҚАЗИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: