Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жерлесіміз жеңіспен оралды

27.06.2023, 15:45 186

HALYQLINE.KZ «Астана қаласында грэпплинг күресінен U15, U17, U20, ересектер және ардагерлер арасында өткен Азия чемпионатынан алтын және күміс жүлдеге ие болған жерлестеріміз ауданға оралды» деп хабарлайды Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

№17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшыларын күтіп алуға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов мақтаныштарымызға аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың алғысын жеткізіп, алдағы додаларына сәттілік тіледі. Басқосуда ата-аналарда сөз алып, спортшы жастардың жаттықтырушысы Жансая Мұраттың еңбегі ерекше екенін айтып өтті. Сондай-ақ, арнайы ат басын бұрып келген Дәурен Оңғарбайұлына ризашылықтарын білдірді. Байрақты бәсекеге Қазалы ауданынан барған жерлестеріміз Азия чемпионатынан қоржынға 2 алтын және 3 күміс салды.

Атап айтар болсақ, 48 келіден Айкүнім Русланқызы, 68 салмақта Құралай Өтегенова мен 90 келі бойынша Наргиз Яхып алтын жүлде иеленді. Сол секілді Аружан Алматбаева 40 келі, Аида Оралбай 52 келі және Ерсұлтан Қайыржан 46 салмағы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді. Айта кетейік, тартысты додаға Қазақстан, Қырғызстан, Филиппин, Тәжікстан, Иран, Өзбекстан және Үндістан мемлекеттерінен 400-ден аса спортшы қатысқан еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: