Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоғызқұмалақтан тұңғыш чемпионат өтеді

22.08.2023, 11:56 208

Елімізде алғаш рет ұлттық ойын тоғызқұмалақтан оқушылар арасында рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өтеді. Ұлттық спорт түрін дәріптеу біздің құндылығымызға деген құрметті арттырып, руханиятымызға ерекше серпілік береді. Ойынға жиырмадан астам мемлекеттен 300-ге жуық жасөспірім қатысады. Чемпионат қыркүйек айының 21-і мен 24-і аралығында өтеді. Әзірге біріншілікке қатысатын мемлекеттер өзара турнир өткізіп, іріктеу жүргізіп жатыр. Жарысқа арналған жүлде қоры – 4 млн теңге.
Ұлтымыздың ұстыны, ұлттық ойынымыз келесі жылы  V Көшпенділер ойынының бағдарламасына енгізіледі. Осыған байланысты Республикалық және дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов былай деп пікір білдірді:

Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүрсе, әрине, бізде алдағы жылғы біріншілікте, Көшпенділер ойынында 35-40 елдің өкілдері қатысады деп ойлаймыз. Әрі қарайда осы деңгейде дами берсе, әлемдегі ең танымал зияткерлік ойындарға айналуы сөзсіз, оның әлеуеті бар, деді Ә.Байменов.            

     Дамир Сеилханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: