Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырбойылық стритболшылар жарысқа дайындалуда

24.09.2020, 16:30 525

HALYQLINE.KZ Стритболдан облыстың аға жаттықтырушысы Александр Жавзмагин бастаған ұлдар мен қыздар командалары карантиннен кейін залда оқу-жаттығу процестерін жүргізуде.

«Спортзалда спортшыларымыз 3×3 баскетболдан жаттығуларын өткізіп жатыр. Қызылорда облысының құрамасы жыл соңында Түркістан облысында жоспарланған Қазақстан чемпионатына дайындық үстінде. Осыған дейін залға келіп жаттығуға мүмкіндік болмады. Қазіргі таңда рұқсат беріліп, жасөспірімдеріміз спортзалға келіп шеберліктерін арттыруда. Бүгінгі таңда бұл спорт түріне жастар қызығушылық танытып отыр. Чемпиондар мен үздік ойыншылар дайындап келеміз. Алдағы уақытта стритболмен шұғылданушылардың саны артып, биік деңгейге көтерілеміз деген ойдамыз. Халықаралық жарыстарға, Олимпиада ойындарына жолдама алуды мақсат етіп отырмыз» – деді А.Жавзмагин.

Баскетбол 3×3 (стритбол) 2021 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындар бағдарламасына енгізілді.3х3 баскетбол екі команда арасында ойналады. Олардың әрқайсысында үш спортшы өнер көрсете алады.

Стритболдың баскетболдан айырмашылығы ойыншылардың саны жəне ойын алаңымен ерекшеленеді. Облыс спортшыларының жетістіктеріне тоқтала кетсек, 3×3 баскетболдан былтырғы жылы 2005-2006 жылы туған ұлдар командасы ел чемпионатында 1-орынды жеңіп алса, 2001-2002 жылы туған жəне биылғы жылы 2002-2003 жылы туған ұлдар командасы екінші орындарды иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: