Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырбойылық спортшылар жеңімпаз атанды

11.12.2020, 12:00 422

HALYQLINE.KZ Қызылордалық муайтай шеберлері Мұқағали Қартбай мен Дамир Тайранбек Қазақстан жеңімпаздары атанды. Ел чемпионаты Шымкент қаласында өтті. Жарысқа 12-13, 14-15 жəне 16-17 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Қызылорда құрамасы бұл жарысқа үш категория бойынша да спортшылар қосты.

Нəтижесінде Сыр спортшылары 11 медаль иеленді, оның 2-еуі алтын, 5-еуі күміс, 4-еуі қола медаль. 52 келі салмақта Мұқағали Қартбай мен 71 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Дамир Тайранбек жеңіс тұғырынан көрінді.

Нұрдəулет Жамбыл (34 келі), Нұржан Садықов (38 келі), Олжас Сағындық, Саят Оңдасын (екеуі де 67 келі), Алиасқар Утеуов (+91 келі) күміс медальдарға ие болса,

Сүлеймен Сейденов (38 келі), Азамат Ахметов (42 келі), Темірлан Сапарғали (46 келі) жəне Саят Асылбекұлы (67 келі) қола медальмен марапатталды.

Спортшыларды жарысқа Əліби Қалила, Батырхан Байкөжеков, жəне Нұрбек Жармаханов дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: